Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Петропавлдағы ЖЭО-да болған апатта көз жұмған әйел жер қойнына тапсырылды

Опубликовано:

ЖЭО апаты
Фото: Instagram/dtp_sko

Петропавлдағы жылу-электр орталығында болған апатта қаза болған Наталья Чефонованың денесі жер қойнына тапсырылды. 37 жастағы машинист үйінді астынан үш күннен кейін табылған болатын, деп хабарлайды КТК телеарнасы.

Телеарна мәліметінше, жылуға жауапты "Севказэнерго" компаниясының басшылығы қаза тапқан әйелдің отбасына материалдық көмек көрсетуге уәде берген.

Марқұмның отбасының тұрғын үй жағдайын жақсартып, бес жылдық жалақысын және 15 жасар ұлының оқу ақысын төлеп бермек. Қаза тапқан жұмысшының күйеуі де осы кәсіпорында жұмыс істейді.

Қазіргі уақытта апаттың себеп-салдарын арнайы құрылған комиссия анықтап жатыр.

"Біз қазір сарапшылар шақырттық. Бұл сараптаманы қадағалау әділет министрлігінің құзырында. Апат қалай, не себептен болды? Қалай, қашан қалпына келтіруге болады? Қалпына келтіріле ме, әлде мұржаны жаңадан тұрғызу керек пе? Бәрі тексеріп, мамандар сараптамадан өткізеді", - деді "ОАЭК" АҚ директорлар кеңесінің төрағасы Александр Клебанов.

Еске сала кетейік, бірнеше күн бұрын Петропавлда жылу-электр орталығының бір мұржасы жартылай құлаған еді. Апат салдарынан тұрғын үйлер мен қызметтік мекемелер жылусыз қалған  болатын.

ЖЭО-2 алғашқы түтін құбыры 1961 жылы пайдалануға берілген. Оның биіктігі 150 метр, салмағы бірнеше мың тонна. Құбыр 2016 жылы жөнделген.

Осы апатқа байланысты мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өңір әкіміне облыс орталығы мен басқа да елді мекендердің тұрғындарын тез арада жылумен қамтамасыз етуді тапсырған еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1962047-petropavldagy-zeo-bolgan-apatta-koz-zumgan-aiel-zer-qoinyna-tapsyryldy/