Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Петропавлдағы жылу электр орталығында болған апат: Тоқаев СҚО әкіміне тапсырма берді

Опубликовано:

Қасым-Жомарт Тоқаев
Қасым-Жомарт Тоқаев. Фото: Ақорда

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Құмар Ақсақаловтың Петропавл қаласындағы жылу электр орталығында болған апат салдарын жою жұмыстарының барысы туралы есебін тыңдады. Бұл туралы мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли жазды, деп хабарлайды Борт №1 Telegram парақшасы.

Әкімнің айтуынша, апат салдарын жоюға байланысты жұмыс комиссиясы құрылған. Оның құрамына әкімдіктің, ТЖМ-нің және басқа да құзырлы ведомстволардың қызметкерлері,  сондай-ақ  аталған саланың жобалаушылары мен мамандары енген. Компания басшысы – жылу электр орталығының меншік иесі келеді деп күтілуде.

Президент облыс орталығы мен басқа да елді мекендердің тұрғындарын тез арада жылумен қамтамасыз етуді тапсырды.

Еске сала кетейік, күні кеше Петропавлда жылу-электр орталығының бір мұржасы жартылай құлаған еді. Апат салдарынан тұрғын үйлер мен қызметтік мекемелер жылусыз қалған  болатын.

ЖЭО-2 алғашқы түтін құбыры 1961 жылы пайдалануға берілген. Оның биіктігі 150 метр, салмағы бірнеше мың тонна. Құбыр 2016 жылы жөнделген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1961680-petropavldagy-zylu-elektr-ortalygynda-bolgan-apat-toqaev-sqo-akimine-tapsyrma-berdi/

pixel