Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жақында Рамазан айы басталады: Биылғы пітір садақаның мөлшері бекітілді

Опубликовано:

Мешіт
Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Биылғы пітір садақасының мөлшері бекітілді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі ҚМДБ ресми сайтына сілтеме жасап.

Мүфтияттың мәліметінше, биыл Қазақстанда пітір мөлшері 500 теңге болып бекітілген.

Наиб мүфти, шариғат және пәтуа бөлімінің меңгерушісі Сансызбай Құрбанұлы пітір садақаның мөлшері республика бойынша 2 келі ұнның нарықтағы орташа бағасын есепке ала отырып, бекітілетінін атап өтті.

Ал ұнның бағасы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының қала және облыс өкілдіктерінің берген мәліметі негізінде анықталған.

Айта кетейік, биыл Рамазан айы 2 сәуірде басталып, 1 мамырда аяқталады. Ораза 30 күн болмақ. 

  • 2 мамыр – Ораза айт күні.
  • 27 сәуірден 28 сәуірге қараған түн – Қадір түні.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1962149-zaqynda-ramazan-aiy-bastalady-biylgy-pitir-sadaqanyn-molseri-bekitildi/

pixel