jitsu gif branding logo appbranding logo app

Наурыз айының соңғы күндері елімізде ауа райы қандай болады

Бүршік жарған ағаш
Көрнекі фото: pixabay.com

"Қазгидромет" РМК алдағы күндері Қазақстанда ауа райы қандай болатынын болжады. Синоптиктердің болжамынша, наурыз айының соңғы күндері еліміздің барлық аумағында тұрақсыз ауа райы сақталады.

Мәселен, 26-29 наурыз аралығында Түркістан облысының оңтүстігінде және таулы аймақтарында, тау бөктеріндегі аудандарында, 29 наурызда Жамбыл облысының солтүстік-шығысында, оңтүстігінде, таулы аймақтарында және тау бөктеріндегі аудандарында, сондай-ақ, 29 наурызда Алматы облысының оңтүстігінде және тау бөктеріндегі аудандарында қар аралас қатты жауын-шашын күтіледі.

28 және 30 наурызда Шығыс Қазақстан облысында қар, 29 наурызда қар аралас қатты жаңбыр жаууы ықтимал. 29 наурызда Ақмола облысында да қар аралас қатты жауын-шашын күтіледі.

28 наурызда Батыс қазақстан облысының оңтүстігінде, 30 наурызда батыс бөлігінде түнде 3 градус жылы болса, күндіз 2-7 аралығында жылы болмақ.

30 наурыздан бастап Ақтөбе, Қостанай, Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстарында, 31 наурыздан бастап Павлодар облысында күндіз 2-5 градус аралығында жылы болады деп күтілуде.

28-29 наурыз, 1 сәуір күндері Қарағанды облысының оңтүстігінде түнде сынап бағанасы 3 градусқа дейін, күндіз 2 градусқа дейін көтерілуі ықтимал. Ал облыстың оңтүстігінде ауа температурасы 7 градусқа дейін, оңтүстік-шығыста 3-5 градусқа дейін, облыстың оңтүстігінде 8-13 градусқа дейін көтерілуі мүмкін.

Осыған байланысты, синоптиктер жоғарыда аталған өңірлерде қар және өзендердегі мұз ери бастайтынын еске салды.

Сонымен қатар, мамандар наурыз, сәуір айларында тәулік ішінде жауын-шашынның айлық нормасы түсуі ықтимал екенін, ал бұл өз кезегінде қауіпті стихиялық гидрометеорологиялық құбылыстардың туындауына әкеп соғуы мүмкін де ескертті.

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.