Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Ешкім қашып құтыла алмады": Өртте екі қызы мен аға-жеңгесінен айырылған қостанайлық көмек сұрады

Опубликовано:

Өрт сөндіруші
Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Қостанайда болған өрттен көз жұмған екі қыздың анасы үндеу жасады. Әйелдің сөзінше, ол қайғылы оқиға салдарынан балаларынан бөлек, туған ағасы мен жеңгесінен де айырылған, деп хабарлайды "Костанайские новости".

Басылымның жазуынша, әлеуметтік желіде қайтыс болған балалардың анасы жерлеуді ұйымдастыруға көмектесуді сұраған.

Виктория Дунаеваның сөзінше, ол сатушы болып жұмыс істейді.

"Өрт кезінде менің қыздарым ғана қайтыс болған жоқ. Мен туған ағам мен оның әйелінен де айырылып қалдым. Олар коттеджде бөлме жалдап тұрған еді", - дейді әйел.

Өрт шыққан үйде оның анасы мен марқұм ерлі-зайыптылар тұрған. Сол күні Виктория жұмыста болып, қыздарын туыстарына жіберген.

Келіншек өрттің шыққанын жұмыста жүрген анасынан естіген. Ал басқа адамдар терезеден секіріп, аман қалған екен.

"Менің отбасым сонда қалып қойды. Ешкім қашып құтыла алмады. Өрттің себебі электр тоғының тұйықталуынан деп айтылуда", - дейді Қостанай тұрғыны.

Виктория Дунаеваның үлкен қызы 10 жаста, кішісі 8 жаста болған.

Қара жамылған отбасыға көмек көрсеткісі келгендер Викторияның әпкесі Юлияға 8 747 698 20 58 нөмірі арқылы хабарласа алады.

Еске сала кетсек, бұған дейін 27 наурызда Қостанайда екі қабатты тұрғын үйден өрт шығып, төрт адамның көз жұмғанын хабарлаған едік.

Қызыл жалын екінші қабаттағы 100 шаршы метр аумақты шарпыған. Қазір өрттің шығу себебі анықталып жатыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1962409-eskim-qasyp-qutyla-almady-ortte-eki-qyzy-men-aga-zengesinen-aiyrylgan-qostanailyq-komek-surady/

pixel