Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Таразда дәріханаға қарақшылық шабуыл жасады деп күдікке ілінген жігіттер ұсталды (видео)

Опубликовано:

Дәріханаға шабуыл жасалған сәт
Кадр: Жамбыл облысы полиция департаменті ұсынған видеодан алынды

Таразда дәріханаға қарақшылық шабуыл жасады деп күдікке ілінген жас жігіттер қолға түсті. Бұл туралы Жамбыл облысының полиция департаменті Instagram желісіндегі парақшасында хабарлады.

Ведомство мәліметінше, қарақшылық шабуыл өткен жұма күні болған.

Дәріханаға медициналық бетперде киген екі ер адам кіріп, тапаншаға ұқсас затпен қызметкерді қорқытқан. Cонымен қатар витринаны сындырып, ақша алып кеткен.

Жамбыл облысының полицейлері күдіктілерді қолға түсірді. Белгілі болғандай, ұсталған жігіттердің жасы 17-де.

Қазіргі уақытта Қылмыстық кодекстің 192-бабы 3-бөлігі 4-тармағына(бір топ адамдардың алдын ала сөз байласып, қаруды немесе қару ретінде пайдаланылатын заттарды қолданып, өндірістік үй-жайға заңсыз кірумен жасалған қарақшылық) сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

Айта кетейік, бұған дейін 25 наурызда Таразда дәріханаға қарақшылық шабуыл жасалғанын жазған болатынбыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1962500-tarazda-darixanaga-qaraqsylyq-sabuyl-zasagan-zigitter-ustaldy-video/

pixel