Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Облыстың екіге бөлінуіне байланысты әкімдердің жалақысы төмендей ме

Опубликовано:

Айлық
Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Үкімет кулуарында журналистер Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыровтан жаңадан құрылатын облыстардың бюджеті мен әкімдердің жалақысы жайлы сұрады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Қуантыровтың пікірінше, жаңа облыстар құрылғаннан кейін, Қарағанды, Шығыс Қазақстан және Алматы облыстарының бюджеті қысқарады. Бірақ әкімдердің жалақысы өзгермейді.

"Олардың жұмысы азаяды деп ойламаймын. Ол істейтін облыс аумағы кішіреюі мүмкін, бірақ міндеттері өзгермейді. Сол себепті, менің ойымша, олардың жалақысы сол күйі қалады. Өйткені барлық мемлекеттік қызметші үшін белгілі бір бекітілген сетка бар", - дейді министр.

Еске сала кетейік, бұған дейін Әлібек Қуантыров Абай, Жетісу және Ұлытау облыстарын құру жұмысы басталып кеткенін айтқан еді.

Мәселен, 25 наурызда премьер-министрдің өкімімен аталған облыстарды қалыптастыру үшін комиссия құрылды. Комиссияның міндеті - жаңа өңірлерді құру бойынша жүргізіліп жатқан жұмыс шеңберінде мемлекеттік органдардың ведомствоаралық өзара іс-қимылын қамтамасыз ету.

Сонымен қатар, жұмыс алгоритмі әзірленген. Жұмыс алгоритм ұйымдастырушылық, дайындық және жедел іс-шаралар тізбесін қамтитын болады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1962634-oblystyn-ekige-bolinuine-bailanysty-akimderdin-zalaqysy-tomendei-me/

pixel