Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Еліміздің тағы екі қаласындағы нысандарға жарылғыш зат қойылды деген ақпарат келіп түскен

Опубликовано:

Жарылғыш зат
Көрнекі фото: pixabay.com

Бүгін, 31 наурызда Алматымен қатар Нұр-Сұлтан және Қарағанды қаласындағы нысандарға жарылғыш зат қойылғаны туралы ақпарат келіп түскен. Қазір полиция қызметкерлері тексеріс жұмыстарын жүргізіп жатыр, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Нұр-Сұлтан қаласы полиция департаментінің мәліметінше, 31 наурызда көлік салондары мен сауда ойын-сауық орталықтарының электрондық пошталарына ғимараттарға жарылғыш зат қойылды деген хат келіп түскен.

"Бүгін полицияның 102 нөміріне екі автосалон мен екі сауда ойын-сауық орталығының поштасына жарылғыш заттар қойылғаны жөнінде хат келгені туралы ақпарат келіп түсті. Қазіргі уақытта қаланың шұғыл қызметтері нысандарға тексеріс жүргізіп жатыр", - дейді елорданың полиция департаментінен.

Осы орайда ведомство жарылғыш зат қойылғаны туралы көрінеу жалған ақпарат таратқаны үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын еске салды.

"Азаматтардан дүрбелең тудырмай, жүргізіліп жатқан іс-шараларға түсіністікпен қарауды сұраймыз", - дейді құзырлы орган.

Ал Қарағанды облысының полиция департаменті бүгін, 31 наурызда сағат 9:00-де 102 нөміріне Мұқанов көшесінде орналасқан Халыққа қызмет көрсету орталығының ғимаратына жарылғыш зат қойылғаны туралы анонимді хабарлама келіп түскенін айтты.

"Қарағанды ​​облысы полиция департаментінің жедел кезекшісі оқиға орнына қаланың барлық шұғыл қызметтерін жіберді. Ғимараттан 31 адам эвакуацияланды. Ғимаратқа саперлер тексеріс жүргізді, жарылғыш зат табылған жоқ.

Қылмыстық кодекстің 273-бабы ("Терроризм актісі туралы көрінеу жалған ақпарат") бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері қоңырау шалған адамның кім екенін анықтау бойынша жедел іс-шаралар жүргізуде", - дейді полиция департаментінен.

Еске сала кетсек, бұған дейін Алматы полициясына жеті бірдей нысанға жарылғыш зат қойылғаны туралы ақпарат келіп түскенін жазған едік.

Құзырлы органның мәліметінше, ешбір нысанда жарылғыш зат анықталмаған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1962980-elimizdin-tagy-eki-qalasyndagy-nysandarga-zarylgys-zat-qoiylgany-turaly-xabar-tusken/

pixel