Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қарағандыда кенші қаза тапты: Мемлекеттік комиссия құрылды

Опубликовано:

кен орны1
Көрнекі фото: pixabay.com

2 сәуірде Қарағандыдағы шахталардың бірінде жазатайым оқиға болып, салдарынан ер адам қаза тапты. Бұл туралы "АрселорМиттал Теміртау" акционерлік қоғамының баспасөз қызметі хабарлады.

"Костенко шахтасында жазатайым жағдай салдарынан УСМ мердігер ұйымының қызметкері (1986 жылы туған) көз жұмды. Мемлекеттік комиссия құрылды, оқиға тергелуде", - делінген хабарламада.

Айта кетейік, бұған дейін Нұр-Сұлтанда ірі бизнес өкілдерімен өткен кездесуде мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстандағы кен орындарының бәріне тексеріс жүргізу қажет екенін айтқан болатын.

"Табиғи ресурстарымызды барынша тиімді пайдалану керек. Үкімет барлық табиғи кен орындарына тексеріс жүргізіп, пайдаланылмай жатқан кен орындарын анықтап, оларды одан әрі игеру үшін жергілікті және шетелдік инвесторларды тарту қажет.

Егер кен орны пайдаға аспай тұрса, онда оны алып, ақша салуға дайын адамға беру керек", - деп мәлімдеді президент.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1963272-qaragandyda-kensi-qaza-tapty-memlekettik-komissiya-quryldy/

pixel