Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Қайық тұрып қалған": Арыққа батқан 9 жасар баланың өліміне қатысты тың дерек шықты

Жарияланған күні:

Арық
Оқиға орнынан фото: instagram.com/qaragandy_tjd

Қарағанды облысының төтенше жағдайлар департаменті арыққа батып кетіп, көз жұмған 9 жасар баланың өлімі туралы тың деректерді жариялады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Ведомство басшысы Мұрат Қатпановтың сөзінше, бала арыққа құламас бұрын жанында досы болған.

"Балалар қайықтарды суға жіберген. Бір сәтте қайықтар жүзбей тұрып қалады. Қөз жұмған бала оны итеріп жіберіп, суға құлап кетуі мүмкін. Судың қатты ағысы оны бірден тартып кеткен. Құтқарушылар хабар түскеннен кейін оқиға орнына тез арада шықты. Баланың денесі құлаған жерден 500 метр қашықтықта бір сағат ішінде табылды", - деді Мұрат Катпанов.

Осы орайда ТЖД басшысы жергілікті тұрғындарды қауіпсіздік шараларын сақтауға шақырды.

"Қарағанды облысында қар еріп жатыр. Біз ата-аналарды балаларға бақылауды күшейтуге шақырамыз. Оларға қауіпті арналар мен өзендердің жанында ойнауға рұқсат бермеңіз. Өкінішке қарай, біз әрбір арық жағасында кезекшілікте бола алмаймыз. Олардың кейбірі ашық, қоршалмаған болуы мүмкін", - деп атап өтті Марат Қатпанов.

Еске сала кетсек, қайғылы оқиға 3 сәуір күні Қарағанды қаласында болған еді. Куәгерлердің сөзінше, 9 жасар бала ойын барысында қар, жауын суы жиналатын арыққа абайсызда құлап, батып кеткен.

Бүгін, 4 сәуірде Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек баланың ата-анасына көңіл айтты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1963416-qaiyq-turyp-qalgan-aryqqa-batqan-9-zasar-balanyn-olimine-qatysty-tyn-derek-syqty/