Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қарағандыда 9 жасар бала арыққа батып, көз жұмды

Опубликовано:

Өзен сарқырап ағып тұр
Фото: instagram.com/qaragandy_tjd

Бүгін, 3 сәуірде Қарағандыда қайғылы оқиға орын алды: тоғыз жасар балан арыққа батып, көз жұмды. Бұл туралы Қарағанды ​​облысының төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Ведомство мәліметінше, 15:45-те жергілікті тұрғыннан "112" пультіне қар, жауын суы жиналатын арыққа баланың батып кеткені туралы хабар түскен.

Қайғылы жағдай Серов көшесіндегі үйдің жанында болды.

Оқиға орнына келген құтқарушылар бір сағат өткен соң 9 жасар баланың денесін арықтан алып шықты.

"Төтенше жағдайлар департаменті баланың ата-анасына қайғыра көңіл айтады", - делінген хабарламада.

Осы орайда Қарағанды облысының төтенше жағдайлар департаментінің мамандары ана-аналарға балаларын көзден таса қылмауға шақырды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1963297-qaragandy-9-zasar-bala-aryqqa-batyp-koz-zumdy/

pixel