Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Коронавирус жұқтырған адамға ораза ұстауға бола ма

Опубликовано:

бетперде киіп алған ару
Көрнекі фото: pixabay.com

Алматыдағы №4 қалалық емхананың дәрігері Мақпал Мақашева коронавирус жұқтырған жағдайда ораза ұстауға бола ма деген сауалға жауап берді, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Оның сөзінше, коронавирус инфекциясын жұқтырған адамға ораза ұстаудың қажеті жоқ.

"Өйткені бұл кезеңде иммундық жүйеге артық салмақ түседі", - дейді дәрігер.

Мақпал Мақашеваның айтуынша, керісінше бұл уақытта науқас адамның жылы сусындарды көбірек ішіп, дұрыс тамақтанып және уақытылы ұйықтағаны маңызды.

"Бұған қарамастан науқас ораза ұстаймын деп шешсе, өз ағзасын бақылағаны дұрыс. Егер қандай да бір симптомдар пайда болса дәрігерге жүгініп, уақытында ем қабылдаған жөн", - дейді маман.

Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін диетолог Жанна Нұрбергенқызы оразада қандай тамақтан бас тарту керектігін айтқан еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1963469-koronavirus-zuqtyrgan-nauqasqa-oraza-ustauga-bola-ma/

pixel