jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Гүлмира Ерубаева
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    "Қайраттың" бас бапкері ауысатыны рас па: алматылық клуб ресми мәлімдеме жасады

    Рафаэль Уразбахтин
    Рафаэль Уразбахтин. Фото: Данияр Ахметов / "Қайрат" ФК-ның баспасөз қызметі

    "Қайрат" футбол клубы бас бапкердің ауысуы мүмкін екені туралы тараған ақпаратқа қатысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Алматылық клубтың баспасөз қызметінің мәліметінше, ақпараттық кеңістікте тараған бас бапкердің ауысуы мүмкін екені туралы мәліметтер шындыққа жанаспайды.

    "Клуб Рафаэль Уразбахтинге және оның бапкерлер штабына толық сенім білдіреді. Маманның қолданыстағы келісімшарты 2027 жылдың соңына дейін жарамды.

    Бас бапкер қызметіне қатысты ешқандай өзгеріс қарастырылып жатқан жоқ. Оның жетекшілігімен команда ішкі және халықаралық ареналарда жоғары нәтижеге қол жеткізіп келеді, ал ағымдағы маусымда жеті турдан кейін Қазақстан Премьер-лигасының турнир кестесінде бірінші орынды иеленіп отыр", - делінген хабарламада.

    "Қайрат" ФК мұндай жарияланымды команда төңірегінде жасанды түрде шиеленіс туғызу және клуб ішіндегі жұмыс атмосферасын тұрақсыздандыру әрекеті ретінде бағалайды.

    "Бұл әрекет клубтың бірлігіне, таңдалған бағытқа деген сеніміне, алға қойған мақсаттарына әсер етпейді.

    Жанкүйерлерден, БАҚ өкілдерінен, футбол қоғамдастығынан ресми емес дереккөздердегі тексерілмеген ақпаратқа сенбеуді және тек клубтың ресми мәлімдемесіне сүйенуді сұраймыз", - делінген хабарламада.

    "Қайраттың" бас бапкері ауысатыны рас па: алматылық клуб ресми мәлімдеме жасады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.