Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Өткен тәулікте еліміздің алты өңірінде ғана коронавирус жұқтырғандар тіркелді

Опубликовано:

Маска киіп отырғандар
Көрнекі фото: pixabay.com

Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға қатысты мәліметтер жаңарды. Оған сәйкес, 4 сәуірде елімізде коронавирус жұқтырған 15 адам тіркелді, деп хабарлайды COVID-19 инфекциясының таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК Telegram арнасы.

Аймақтар бойынша:

  • Нұр-Сұлтан қаласы - 3
  • Алматы қаласы - 7
  • Шымкент қаласы – 1
  • Қарағанды облысы - 1
  • Қызылорда облысы -1
  • Солтүстік Қазақстан облысы - 2.

Осылайша, жалпы ел бойынша коронавирус жұқтырғандар саны 1 305 214-ке жетіп отыр.

Сонымен қатар өткен тәулікте 73 адам коронавирустан жазылып шыққан.

Айта кетейік, бұған дейін Алматыдағы №4 қалалық емхананың дәрігері Мақпал Мақашева коронавирус жұқтырған жағдайда ораза ұстауға бола ма деген сауалға жауап берген еді.

Оның сөзінше, коронавирус инфекциясын жұқтырған адамға ораза ұстаудың қажеті жоқ. Өйткені бұл кезеңде иммундық жүйеге артық салмақ түседі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1963475-otken-taulikte-elimizdin-tek-alty-onirinde-koronavirus-zuqtyrgandar-tirkeldi/

pixel