Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

СҚО-да мектептің акт залының төбесі опырылып түсті (видео)

Жарияланған күні:

Төбесі опырылған акт залы
Оқиға орны. Видеодан кадр: Хабар24

Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданындағы Тоқшын мектеп-гимназиясында төтенше жағдай болды, деп хабарлайды "Хабар 24".

Телеарнаның мәліметінше, мектепке жапсарлата орналасқан акт залының төбесі құлаған. Абырой болғанда ешкім зардап шекпеген.

Оқиға орнына бірден уәкілетті органдардың басшылары жеткен. Сонымен қатар мән-жайды анықтау және тиісті шаралар қабылдау үшін арнайы комиссия құрылған.

Айта кетейік, білім ордасы 1955 жылы пайдалануға берілген.

Алдын ала болжам бойынша мектеп төбесінің опырылып түсуіне шатырдан су ағу жағдайы себеп болуы мүмкін.

"Мектепте қазір 293 оқушы оқиды. Мәселені шешкенге дейін олар қашықтықтан оқитын болады. Биылғы жылы әкімдік мектепке жөндеу жұмыстарын жүргізуге қосымша қаражат бөлді", - дейді Солтүстік Қазақстан облыстық білім басқармасының баспасөз хатшысы Әсел Оразбаева.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Батыс Қазақстан облысында қар суына шыдас бермеген ауыл мектебінің бір бөлігі құлап қалғанын жазған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1963477-sqo-da-mekteptin-akt-zalynyn-tobesi-opyrylyp-tusti/