Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Түркістан облысында өрттен екі бала көз жұмды

Опубликовано:

Көрнекі
Көрнекі фото: pexels.com

Түркістан облысында жеке үйлердің бірінде өрт шығып, салдарынан екі бала көз жұмды. Қайғылы жағдай Сауран ауданына қарасты Бабайқорған ауылында болған, деп хабарлайды Otyrar.kz өңірлік ТДЖ-ға сілтеме жасап.

ТЖД мәліметінше, өрт салдарынан ауданы 255 шаршы метр болатын екі қабатты тұрғын үй толығымен жанып кеткен.

Одан бөлек бірінші қабаттың 60 шаршы метр төбесі опырылып түскен.

Сондай-ақ оқиға орнынан 2007 және 2009 жылы туған екі жасөспірімнің денесі табылған.

Қазіргі уақытта мамандар өрттің шығу себебін анықтап жатыр.

Еске салсақ, бұған дейін Қостанай облысы Амангелді ауылында екі пәтерлі тұрғын үйде өрт болып, салдарынан үш бала көз жұмған еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1963528-turkistan-oblysynda-ortten-eki-bala-koz-zumdy/

pixel