Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қостанай облысында өрттен үш бала көз жұмды

Опубликовано:

Қостанай облысында өрттен үш бала көз жұмды
Фото: Қостанай облысы ТЖД

Қостанай облысы Амангелді ауылында 31 наурыз күні екі пәтерлі тұрғын үйде өрт болып, салдарынан үш бала көз жұмған. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі өңірлік ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, үйде 1983 және 1994 жылы туған ерлі-зайыптылар, сондай-ақ олардың кәмелет жасына толмаған төрт баласы тұрған. Балаларының ең үлкені 8 жаста.

"Өрт сөндірушілер келгенге дейін көршілер төрт баланы далаға шығарған. Өйткені үйде ата-анасы болмаған, балалар жалғыз қалған. Өрт кезінде олар жұмыста болған", - дейді ведомстводан.

Сағат 10.55-те медицина қызметкерлері 2016, 2019 және 2020 жылы туған балалардың өлімін тіркеген.

ТЖД мәліметінше, өрт сағат 11.44-те ауыздықталған. Өрттің себебін анықтау үшін ауданға Төтенше жағдайлар департаментінің ғылыми-зерттеу өрт зертханасының мамандары жіберілген.

Осы ретте, ведомство 2021 жылғы 20 қыркүйекте өрттің алдын алу мақсатында құтқарушылар тұрғындармен, соның ішінде көрсетілген мекенжайда түсіндіру жұмыстарын жүргізгенін атап өтті.

Еске сала кетсек, бұған дейін Қостанай қаласында 2 қабатты жеке тұрғын үйден өрт шығып, салдарынан төрт адамның қайтыс болғанын жазған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1963012-qostanai-oblysynda-ortten-us-bala-koz-zumdy/

pixel