Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Дикий Арманды" қамауда ұстау мерзімі 7 маусымға дейін ұзартылды

Опубликовано:

Жабайы Арман
Фото: Instagram/ armandzhumageldiev

Халық арасында "Дикий Арман" лақап атымен танылған Арман Жұмагелдиевті қамауда ұстау мерізмі 7 маусымға дейін ұзартылды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісіне Алматы қалалық сотының баспасөз қызметі хабарлады.

"Тергеу сотының қаулысымен тергеу органының өтініші қанағаттандырылды. Күзетпен ұстау мерзімін 2022 жылғы 7 маусымға дейін ұзартуға санкция берілді", - деп хабарлады сотта.

Айта кетейік, "Дикий Арманның" ұсталғаны туралы ақпарат 7 қаңтар күні тараған еді. 11 қаңтар күні ол екі айға қамауға алынды. ІІМ ақпаратына сүйенсек, Арманмен бірге бес адамнан құралған болжалды қылмыстық топ та ұсталған.

Наурыз айында "Дикий Арманды" қамауда ұстау мерзімі 7 сәуірге дейін ұзартылды. Ол Қылмыстық кодекстің 272-бабы "Жаппай тәртіпсіздік" және 287-бабы "Қаруды, оқ-дәрілерді, жарылғыш заттар мен жарылғыш құрылғыларды заңсыз сатып алу, беру, өткізу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру" бойынша күдікке ілініп отыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1963588-dikii-armandy-qamauda-ustau-merzimi-7-mausmga-deiin-uzartyldy/

pixel