Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қостанайлық үш бала көз жұмған өрттің алдын ала себебі анықталды

Жарияланған күні:

Өрт сөндірушілер
Өрт сөндірушілер. Фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Қостанай облысы Амангелді ауданы Амангелді ауылында болған өрттің алдын ала себебі анықталды. Өрт салдарынан үш бала көз жұмған еді, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыстық ТЖД бастығы Біржан Кәрімовке сілтеме жасап.

Біржан Кәрімовтің айтуынша, өрт ұялы құрылғыны қуаттау кезінде электр сымдарының қысқа тұйықталуынан болған.

Сымнан тұтанған жалын ас үй бөлмесіндегі жұмсақ жиһаз бен басқа да заттарға таралған. Өрт сөндірушілер жеткенге дейін көршілері үш бүлдіршінді эвакуациялап, тағы бір бала өз бетінше терезеден шыққан. Бұл уақытта олардың ата-анасы жұмыста болған.

Өкінішке қарай, үш бала орталық аудандық ауруханада көз жұмған. Орташа дәрежеде иіс тиіп, аман қалған тоғыз жасар бала қазір ауруханада жатыр.

Сонымен қатар, Біржан Кәрімов өрт фактісі бойынша Қылмыстық кодекстің 292-бабы 3-тармағы бойынша қылмыстық іс қозғалғанын, себебі мен ошағын анықтау үшін өрт техникалық сараптамасы тағайындалғанын атап өтті.

Сондай-ақ департамент бастығы облыста өрттің алдын алу бойынша қабылданып жатқан шараларға қарамастан, жағдайдың күрделі күйде қалып отырғанына тоқталды.

Бұл ретте ол бір ғана профилактикалық жұмыстың аздық ететінін айтты.

Біржан Кәрімовтің сөзінше, өртке тұрғын үйдің ескіруі, электр сымдарының тозуы, өрт қауіпсіздігіне қатысты қарапайым талаптардың еленбеуі, спирттік ішімдіктерді асыра пайдалану және балаларды қараусыз қалдыру сияқты бірнеше жағдай себеп болуы мүмкін.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1963637-qostanailyq-us-bala-koz-zumgan-orttin-aldyn-ala-sebebi-anyqtaldy/