Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ораза кезінде коронавирусқа қарсы екпе салдыруға бола ма

Опубликовано:

Дәрігер
Көрнекі фото: pixabay.com

Алматыдағы №4 қалалық емхананың дәрігері Мақпал Мақашева ораза кезінде коронавирусқа қарсы вакцина салдыруға бола ма деген сауалға жауап берді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

Дәрігердің сөзінше, екпе алу қазақстандықтарды аурудан қорғайтын қажетті шара болып табылады.

"Екпеге келетін болсақ, бұл ораза ұстауға қарсы көрсетілім болып табылмайды, өйткені діни сенім бойынша вакцина асқазан-ішек жолынан өтпейді, бұлшық етке салынады. Бұл ораза ұстау ережесін бұзбайды", - деп түсіндірді Мақашева.

Осы орайда маман тағы бір маңызды мәселені көтерді.

Мақашеваның сөзінше, екпеден кейін адам өзін жайсыз сезінсе, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ұйғарымына сәйкес, оразасын бұзып, сауығып кеткеннен соң жалғастыруына болады.

Айта кетейік, бұған дейін Мақпал Мақашева коронавирус жұқтырған жағдайда ораза ұстауға бола ма деген сауалға жауап берген еді.

Оның сөзінше, коронавирус инфекциясын жұқтырған адамға ораза ұстаудың қажеті жоқ. Өйткені бұл кезеңде иммундық жүйеге артық салмақ түседі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1963651-oraza-kezinde-koronavirusqa-qarsy-ekpe-saldyruga-bola-ma/

pixel