Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Өткен тәулікте Қазақстанның алты өңірінде ғана коронавирус жұқтырғандар тіркелді

Опубликовано:

Көрнекі
Көрнекі фото: pixabay.com

Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға қатысты мәліметтер жаңарды. Оған сәйкес, 5 сәуірде елімізде коронавирус жұқтырған 15 адам тіркелді, деп хабарлайды COVID-19 инфекциясының таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК Telegram арнасы.

Аймақтар бойынша:

Нұр-Сұлтан қаласы - 4

Алматы қаласы - 6

Ақмола облысы – 1

Алматы облысы - 2

Шығыс Қазақстан облысы - 1

Қостанай облысы -1.

Осылайша, жалпы ел бойынша коронавирус жұқтырғандар саны 1 305 229-ға жетті.

Сонымен қатар өткен тәулікте 170 адам коронавирустан жазылып шыққан.

Айта кетейік, бұған дейін Алматыдағы №4 қалалық емхананың дәрігері Мақпал Мақашева коронавирус жұқтырған жағдайда ораза ұстауға бола ма деген сауалға жауап берген еді.

Оның сөзінше, коронавирус инфекциясын жұқтырған адамға ораза ұстаудың қажеті жоқ. Өйткені бұл кезеңде иммундық жүйеге артық салмақ түседі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1963662-otken-taulikte-qazaqstannyn-alty-onirinde-gana-koronavirus-zuqtyrgandar-tirkeldi/

pixel