Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Түркістан облысындағы өрттің шығу себебі анықталды

Опубликовано:

Тұркістандағы өрт салдары анықталды
Көрнекі фото: pexels.com

Түркістан облыстық полиция департаменті 13 және 15 жастағы екі қыздың өлімінің мән-жайын анықтады. Өрт 2 сәуір күні Бабайқорған ауылында орын алған. Өрт шыққан кезде тұрғын үйде екі баладан басқа тағы 6 ересек адам болғаны анықталды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі Otyrar.kz жаңалықтарына сілтеме жасап.

Ведомство мәліметінше, өрт кезінде үй ішіндегі адамдар аулаға шығып кеткен. Бірақ ас үйде екі қыз қалып қалған. Олар күйік алғаннан оқиға орнында қайтыс болды. Қаза болғандар 13 және 15 жаста болған. Басқа ешкім зардап шеккен жоқ.

Алдын ала мәлімет бойынша өрт газ баллонының шығып кетуінен орын алған.

Аталған факті Сауран аудандық полиция бөлімінде Қылмыстық Кодекстің 292-бабының 3-бөлігі (абайсызда екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соққан өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзу) бойынша тіркелді.

Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп, оқиғаның барлық мән-жайы анықталуда.

Еске салсақ, Түркістан облысында өрттен 2007 және 2009 жылғы екі бала көз жұмған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1963739-turkistan-oblysynda-oryn-algan-orttin-sygu-sebebi-anyqtaldy/

pixel