Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тұман, жел: Синоптиктер еліміздің бірқатар өңірінде дауылды ескерту жариялады

Опубликовано:

Алматы
Фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Метеорологтар еліміздің бірқатар өңірінде ауа райына байланысты дауылды ескерту жариялады, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі "Қазгидромет" РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Синоптиктер ұсынған ақпаратқа сәйкес, ертең, 7 сәуірде еліміздің бірнеше өңірінде тұман күтіледі. Олардың қатарында Павлодар облысы, Қостанай облысы бар.

Сонымен қатар, Қостанай облысында жел болады деп болжанып отыр. Оның екпіні 23 м/с жетуі мүмкін.

Айта кетейік, бұған дейін "Қазгидромет" РМК алдағы үш күнге яғни, 7-9 сәуірге арналған ауа райы болжамын жариялаған еді.

Бұдан бөлек синоптиктер сәуір айына арналған маусымдық ауа райы болжамын ұсынды.

Метеорологтардың хабарлауынша, сәуірде республиканың көп бөлігінде қар еріп, күн ұзарып, ауа температурасы одан әрі жоғарылайды.

Бұл айда найзағай, бұршақ, шаңды дауыл сияқты құбылыстар жиі кездеседі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1963836-tuman-zel-sinoptikter-elimizdin-birqatar-onirinde-dauyldy-eskertu-zariyalady/

pixel