Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жаңаөзенде 15 жастағы екі қыз бір аптадан бері табылмай жатыр

Опубликовано:

Фарида Чындышева мен Тілектес Жолдас
Фарида Чындышева мен Тілектес Жолдас. Фото: lada.kz/Маңғыстау облысының полиция департаменті

Маңғыстау облысында бір аптадан бері кәмелет жасына толмаған екі қыз іздестіріліп жатыр, деп хабарлайды Lada.kz Маңғыстау облысының полиция департаментіне сілтеме жасап.

Басылымның мәліметінше, 15 жастағы Фарида Чындышева мен Тілектес Жолдас 29 наурызда Жаңаөзендегі пәтерлерінен шығып кетіп, қайта оралмаған.

Фарида Чындышова Рахат-4 шағын ауданында, ал Тілектес Жолдас - Теңге ауылында тұрады.

Содан бері тәртіп сақшылары кәмелет жасына толмаған қыздарды іздестіруде.

Полицейлер жоғалған қыздар жайлы қандай да бір мәлімет білетін жандар болса, 102 нөміріне хабарласуды сұрайды.

Басылым қазіргі уақытта өңірде төрт адамның жоғалғандар қатарында екенін атап өтті.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Ақтауда 15 жастағы жасөспірім қыздың іздестіріліп жатқанын жазған едік. Кейінірек полиция оның табылғанын хабарлады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1963848-zanaozende-15-zastagy-eki-qyz-bir-aptadan-beri-tabylmai-zatyr/

pixel