jitsu gif

Ақтауда 15 жастағы қыз бала үш күннен бері іздестіріліп жатыр

Ақтауда
Фото: Lada.kz

Ақтауда үш күн бұрын жоғалып кеткен жасөспірім іздестіріліп жатыр. Ол 4 сәуір күні түстен кейін үйінен шығып кетіп, қайта оралмаған.

Lada.kz басылымы таратқан ақпаратқа сәйкес, дүйсенбі, 4 сәуір күні сағат 14:30-да қыз бала 13-ықшам аудандағы үйінен шығып, содан қайта оралмаған. Оның қайда кеткені туралы ешқандай ақпарат жоқ.

Жасөспірім қызыл күртеше, қара джин шалбар және ақ кроссовки киген.

Маңғыстау облысының полиция департаменті жоғалған қыздың туыстары құқық қорғау органдарына өтініш жазғанын растады.

Қазіргі уақытта басқарманың барлық жеке құрамы мен еріктілер оны іздестіріп жатыр.

Жоғалған қыз бала туралы қандай да бір мәліметтер білсеңіз, мына телефон нөміріне хабарласуға болады: 8708 946 20 89.

Сонымен қатар, полицияның 102 нөміріне қоңырау шалыңыздар.

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.