Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

ҰҚК Тоқаевқа қастандық жасамақ болған адамның журналист екенін сенатқа растамаған

Опубликовано:

Қастандық жасауды жоспарлаған
Фото: Ұлттық қауіпсіздік комитеті

ҰҚК сенатқа президент пен бірқатар жоғары лауазымды мемлекеттік қызметкерлерге қастандық жасауды жоспарлаған шетел барлау агентінің журналист екенін растамаған. Бұл туралы сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев айтты, деп хабарлайды КAZ.NUR.KZ тілшісі.

Журналистер палата кулуарында Әшімбаевтан бұған дейін БАҚ беттерінде мемлекет басшысына қастандық жасамақ болған адамның журналист екені туралы ақпараттар пайда болғанын және оның қаншалықты рас екенін сұраған.

"Мұндай ақпарат болғанын менде білемін, Telegram-каналдарға шықты. Шынымды айтайын, Ұлттық қауіпсіздік комитеті бізге бұл ақпаратты растаған жоқ.

Біз әлі ресми ақпарат алған жоқпыз. Әлі ешкім ресми ақпарат бермеді. Сондықтан бұл адам туралы ресми ақпарат шыққан кезде ғана, біз оның қалай болғанын, не себепті болғанын түсіндіре аламыз. Менде бұл сұраққа сол кезде жауап бере аламын", - дейді Мәулен Әшімбаев.

Еске сала кетсек, бұған дейін Ұлттық қауіпсіздік комитеті мемлекет басшысы мен бірқатар жоғары лауазымды мемлекеттік қызметкерлерге қастандық жасауды жоспарлаған шетел барлау агентінің ұсталғанын хабарлаған еді.

Комитет мәліметінше, оны тінту кезінде шетелде шығарылған дыбыс өшіргіші бар снайперлік винтовка, есірткі заттары және ірі ақша сомасы тәркіленген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1963941-uqk-senatqa-toqaevqa-qastandyq-zasamaq-bolgan-adamnyn-zurnalist-ekenin-rastamagan/

pixel