Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"13 сағат ота жасалды": Аса ауыр дертке шалдыққан бес жасар балаға 1 млн теңге жетпей тұр

Жарияланған күні:

Асқар Жәлел
Асқар Жәлел: жеке мұрағат

Сүйектің қатерлі ісігіне шалдыққан бес жасар Асқар Жәлел оқырмандарға жақсы таныс. Өз жасында миллионнан бір кездесетін дертке ұшыраған балақай бірнеше айдан бері Түркияда ем алып жатыр. Бүгінде оның емделуіне бар-жоғы бір миллион теңге жетпей тұр, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Асқардың дерті негізінен жасөспірім кезде жиі кездеседі. Алайда сүйектің қатерлі ісігі астаналық балақайды төрт жасынан бастап мазалаған. Аурумен арпалысқан Асқар 5 жасын аурухана қабырғасында қарсы алды. Бүгінде балақайдың қолындағы шар тәріздес ісікті дәрігерлер кесіп алып тастады. Бірақ бұл кешенді емнің басы ғана.

"Ұлымның қолындағы ісікті алу үшін жасалған ота 13 сағатқа созылды. Дәрігерлер Асқардың қолын сақтап қалды, сол үшін шексіз шүкірлік етемін. Сол аяғынан сүйек алып, қолына жалғады. Отаның жалпы құны - 77 миллион теңге болатын. Бірақ доллар бағамының өсуіне байланысты 88 миллионға көтерілді. Қазіргі таңда халықтың арқасында бұл соманы жинап болып қалдық. Тек қаражатты толық жинап, дәрігерлерге тапсыру үшін бір миллион теңге жетпей тұр", - дейді Асқардың анасы Шалқыма.

Бүгінде Асқардың ата-анасы қан сынамаларының қорытындысын тағатсыздана күтіп отыр. Себебі, рак жасушаларының қанға кеткені немесе қанның таза сақталғаны осы сынамалар арқылы белгілі болмақ. Ал түрік дәрігерлері бес жасар балақайдың төзімі мен рухына таң қалып, оның сауығып кетуіне тілектестік білдіруде.

Осы орайда, балақайдың анасы Шалқыма Сауғабаева қасиетті Рамазан айындағы пітір садақаны ұлының еміне аударуды сұрап, халықтан тағы бір демеп жіберуді өтінді.

Асқар Жәлелге көмектесем деушілер үшін реквизиттер:

Kaspi Bank

Тел: 8701 457 76 57

ЖСН: 890719451231

Карта номері: 4400 4301 9428 8707, Шалқыма Сауғабаева (Асқардың анасы)

Халық банк

Карта номері: 4003 0327 7428 7447 Абзал Сауғабаев (Асқардың әкесі)

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1964090-13-sagat-ota-zasaldy-asa-auyr-dertke-saldyqqan-bes-zasar-balaga-1-million-tenge-zetpei-tur/