Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Қатты жаңбыр жауады": Алдағы демалыс күндері елімізде ауа райы қандай болады

Опубликовано:

Алдағы демалыс күндеріне ауа райы болжамы
Көрнекі фото: pixabay.com

Синоптиктер алдағы демалыс күндеріне арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды "Қазгидромет" РМК сайты.

Синоптиктердің болжамынша, 9, 10 және 11 сәуірде оңтүстік циклон және атмосфералық фронталь бөліктер әсерінен, республиканың басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады.

Ел аумағында жауын-шашын, республиканың солтүстік-батысында түнгі уақытта қар аралас жаңбыр күтіледі.

"Оңтүстік және оңтүстік-шығыс аймақтарда кейде найзағай ойнап, қатты жаңбыр жауады. Қазақстанның солтүстік, шығыс аудандарына солтүстік-батыс антициклон әсер етеді. Осыған байланысты мұнда жауын-шашынсыз ауа райы және температураның біртіндеп жоғарылауы күтіледі. Республика бойынша тұман, желдің күшеюі байқалады", - дейді "Қазгидромет" РМК синоптиктері.

Айта кетейік, бұған дейін синоптиктер сәуір айына арналған маусымдық ауа райы болжамын ұсынған еді.

Метеорологтардың хабарлауынша, сәуірде республиканың көп бөлігінде қар еріп, күн ұзарып, ауа температурасы одан әрі жоғарылайды.

Бұл айда найзағай, бұршақ, шаңды дауыл сияқты құбылыстар жиі кездеседі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1964156-naizagai-oinap-qatty-zanbyr-zauady-aldagy-demalys-kunderi-elimizde-aua-raiy-qandai-bolady/

pixel