Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Президент Шәмшә Беркімбаеваның қазасына байланысты оның отбасына көңіл айтты

Опубликовано:

Шәмшә Беркімбаева
Шәмшә Беркімбаева. Фото: dalanews.kz

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекет және қоғам қайраткері, білім беру ісінің құрметті қызметкері Шәмшә Беркімбаеваның дүниеден өтуіне байланысты көңіл айтты. Бұл туралы президенттің баспасөз қызметі Telegarm-дағы ресми "Борт №1" арнасында хабарлады.

"Шәмшә Көпбайқызы еңбек жолын қатардағы ұстаздықтан бастап, өзінің іскерлігі мен қабілетінің арқасында мемлекеттік қызметтің сан түрлі саласында абыроймен еңбек етті. Министр кезінде білім мен ғылым көшін алға жылжытып, бәсекеге қабілетті қоғам қалыптастыруда мол үлес қосты.

Депутат болған тұста отандық заңнаманы жетілдіруге атсалысты. Қазақ мемлекеттік қыздар педогогикалық институтының ректорлық қызметін атқарған жылдары талай шәкірт тәрбиелеп, дарынды мамандарға бағдар көрсете білді", - делінген мемлекет басшысының жеделхатында.

Президент кең пейілімен айнала-төңірегінің шынайы құрметіне бөленген Шәмшә Көпбайқызының жарқын бейнесі ұмытылмайтынын атап өткен.

Еске салсақ, бұған дейін бұрынғы білім және ғылым министрі Шәмшә Беркімбаева өмірден өткенін хабарлаған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1964190-prezident-samsa-berkimbaevanyn-qazasyna-bailanysty-onyn-otbasyna-konil-aitty/

pixel