Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақтөбеде арық суына батып кете жаздаған қызды құтқарған жігіттер марапатталды (фото)

Жарияланған күні:

Қызды құтқарып қалған жігіттің бірі
Фото: instagram.com/aqtobe_tjd

Ақтөбеде су тасқыны кезінде еріген қар суы жиналатын арыққа батып кете жаздаған оқушы қызды құтқарып қалған ер адамдар марапатталды. Бұл туралы облыстық төтенше жағдайлар департаменті Instagram парақшасында хабарлады.

Ведомствоның хабарлауынша, кәмелет жасына толмаған қызды аман алып қалған фитнес клубтың жаттықтырушылары мен күзетшіге Төтенше жағдайлар министрі, генерал-майор Юрий Ильиннің алғыс хаты мен ақшалай сыйлық берілген.

Жаттықтырушылар марапатталды
Фото: instagram.com/aqtobe_tjd

Осы ретте, "Диапазон" басылымы ерлік жасағандардың аты-жөні Ерболат Күлжігітов, Евгений Зелевский, Альберт Дедусев, Юрий Лысенко, Алексей Ступенко екенін хабарлады.

Жаттықтырушылар марапатталды
Фото: instagram.com/aqtobe_tjd

Айта кетейік, оқиға 31 наурызда "Арбат" тұрғын үй кешенінің маңындағы "Батыс-2" шағын ауданында болған еді.

Жаттықтырушылар марапатталды
Фото: instagram.com/aqtobe_tjd

Сол жердегі су толы арықтардың біріне кәмелет жасына толмаған қыз құлап кеткен. Абырой болғанда мұны сол маңайдағы адамдар байқап қалып, қызды құтқарып қалған болатын.

Қызды арық суынан құтқарған ер адам
Фото: instagram.com/aqtobe_tjd

Кейінірек, фитнес жаттықтырушылары оқиғаның қалай болғанын баяндап, судың ағысы қатты болғаны соншалықты қызды шығарып алу қиын болғанын айтты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1964203-aqtobede-aryq-suyna-batyp-kete-zazdagan-qyzdy-qutqargan-zigitter-marapattaldy-foto/