Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қаңтар оқиғасы: Ұйымдасқан қылмыстық топтың 23 мүшесі мен 4 "қылмыс серкесі" қамауға алынған

Опубликовано:

Алматы
Фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Бас прокуратураның бірінші қызмет бастығының орынбасары орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте қаңтардағы жаппай тәртіпсіздіктерге 12 ұйымдасқан қылмыстық топтың қатысқанын хабарлады. Олардың 23 мүшесі қамауға алынған. Соның ішінде 4 қылмыс авторитеті бар, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Бас прокуратураның бірінші қызмет бастығының орынбасары Елдос Қилымжановтың мәліметінше, арнайы прокурорлар қаңтардағы жаппай тәртіпсіздіктерге қатысқан 12 ұйымдасқан қылмыстық топты анықтаған.

Олардың ішінде белсенді болғандар Жұмагелдиев - "Дикий Арман", "Айшуақ-Жайтүгел" және "Қазақстандықтар" тобы.

Ұйымдасқан қылмыстық топтың 23 мүшесі қамауға алынған: оның ішінде 4 қылмыс авторитеті бар.

Бас прокуратура аталған қылмыстар мен қатысқан адамдарды жауапкершілікке тарту үшін барлық қажетті шара қабылданып жатқанын мәлімдеді.

Бүгінгі таңда 547 адам жаппай тәртіпсіздіктерді ұйымдастырды және оған қатысты деген күдікке ілініп отыр. Қазіргі кезде олардың 269-ы қамауда.

Айта кетейік, бұған дейін Алматы қаласы әуежайының желілік полиция бөлімінің бастығы Талғат Тәліпов ұсталғанын жазған едік. Ол өзінің қызметтік міндеттерін орындамады және әуежайды күзетсіз қалдырды деген күдікке ілінді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1964485-qantar-oqigasy-uiymdasqan-qylmystyq-toptyn-23-musesi-men-4-qylmys-serkesi-qamauga-alyngan/

pixel