Президент Александр Винокуровты қабылдады (фото)
Опубликовано:

Мемлекет басшысы Astana Qazaqstan Team велокомандасының бас менеджері, Қазақстан велоспорт федерациясының вице-президенті Александр Винокуровпен кездесу өткізді, деп хабарлайды Ақорда.
Кездесу барысында Олимпиада чемпионы президентке Astana Qazaqstan Team велокомандасының соңғы жетістіктері мен алдағы жоспары туралы айтқан.
Сонымен қатар Винокуров Қасым-Жомарт Тоқаевқа еліміздегі велоспорттың дамуы жөнінде баяндаған.
Сондай-ақ бұқаралық және балалар мен жасөспірімдер спортын қолдау, соның ішінде еліміздің түрлі қалаларында велосипед тебудің экстремальді түрімен айналысатын спортшылар мен әуесқойлар үшін ВМХ парктерін салу, Алматыдағы велотректі жаңғырту жайында мәлімет берген.
Өз кезегінде мемлекет басшысы велокоманданың алдағы кезеңге арналған жоспарын қолдап, Astana Qazaqstan Team Қазақстанның халықаралық аренадағы спорттық бренді екенін ерекше атап өткен.

Айта кетейік, бұған дейін президент Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовпен кездесу өткізген еді.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1964708-prezident-aleksandr-vinokurovty-qabyldady-foto/