Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Кенесары ханның суретін көз сүрмесімен салып шыққан алматылық суретші жұртты таңғалдырды

Опубликовано:

Кенесары хан
Видеодан кадр: instagram.com/assolyaa

Алматылық суретші Әсел Бекжан қазақтың соңғы ханы – Кенесары ханның суретін көз сүрмесімен салып шықты. Ол ерекше туындысының видеосын Instagram парақшасында жариялаған.

"Кенесары ханның барлық сүйегі туған жерінде жерленіп, оның жаны тыныштық тапса, қазақ халқы нағыз берекеге кенеледі деген сенім бар. Хан Кенесары Қасымұлы – 1837-1847 жылдардағы қазақтардың Ресей империясынан тәуелсіздік алу үшін жүргізген ұлт-азаттық антиотаршылдық қозғалысының жетекшісі", - деп жазды суретші видео сипаттамасында.

Қазақпараттың хабарлауынша, Әсел ханның суретін ерекше етіп салуды бір ай бойы ойлаған. Суретшінің айтуынша, көрерменнің назарын өнерге аудару үшін ерекше материалды қолданған жөн.

"Сол үшін мен көз сүрмесін пайдаландым. Онда көп кішкентай адамды салу арқылы ханның бейнесін қағазға түсірдім. Басты идея – Кенесарыны үш жүздің басын біріктірген тұлға екенін көрсету болды. Сол себепті суреттегі кішкентай көп адам сол кезде Кенесарының хандығын мойындап, туының астына жиналған халық десе болады. Жалпы, Кене ханның осы суретін екі күнде салып шықтым", - дейді Әсел Бекжан.

Ал ерекше туындыны көрген желі қолданушылары таңданысын жасыра алмай, пікірлерін жаудырды.

"Балам, сен өзің суретшілер қоғамындасың ба?.. Керемет туындылар", "Өнеріңізге риза болдым", "Сіздің жұмысыңызға тәнтімін", "Расында да талантты екенсіз", "Жарайсың, Әсел қарындасым! Осындай мықты тарихи тұлғаларымызды көптеп салып, жас ұрпаққа насихаттай бер, қарындасым. Өте керемет. Өнерің осылай халқыңа рухани қуат бере берсін", - деп жазды олар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1964749-kenesary-xannyn-suretin-koz-surmesimen-salyp-syq-almatylyq-suretsi-kopti-tangaldyrdy-video/

pixel