Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Атырауда әжесінен адасып қалған 5 жасар бала жоғалып кетті

Жарияланған күні:

Бала
Көрнекі фото: pixabay.com

Атырауда әжесінен адасып қалған 5 жасар бала жоғалып кеткен, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 12 сәуірде сағат 19:30 шамасында баланың жоғалғаны туралы хабар берілген.

"Егде жастағы әйел №15 учаскелік полиция бекетіндегі полиция инспекторларына қоңырау шалып, өзінің 5 жасар немересінің қас-қағым сәтте жоғалып кеткені жөнінде арызданған. Кәмелетке толмаған баланың әжесі "Мұнайшы" шағын ауданындағы азық-түлік дүкеніне кірген. Сол кезде немересі ойнап кеткені анықталды", -деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

Жоғалған баланы іздеу үшін барлық полиция учаскесінің инспекторларына бағыт-бағдар берілді. Әсіресе, адамдар көп жиналатын орындар, жақын маңдағы шағын аудандар тексерілді. Іздестіру іс-шарасын жүргізген полицейлер жоғалған балақайды Геолог елдімекеніндегі Жаңалы көшесінің бойынан тапты. Бес жасар бала көшеде жалғыз өзі жылап келе жатқан.

"Бауыр етімізге балайтын баланы жоғалтудан асқан өкініш жоқ. Баламыз жоғалғанда, дәрменсіз күйде қалдық. Өзіміз іздестіргеннен нәтиже шықпады. Дүкенде ілінген жадынамада көрсетілген полиция инспекторларының телефон номіріне қоңырау шалдым. Полцейлер лезде жауап беріп, жедел іздестіруді қолға алды.

Жоғалған баламызды тауып беріп, отбасымызға оралтқан №15 учаскелік полиция инспекторлары, полиция капитаны Ғизатолла Рахметов пен полиция лейтенанты Өмірзақ Махановқа шын ниетіммен алғысымды білдіремін. Қиналған кезде полиция қызметкерлерінің қорғанымыз болатынына көзім жетті", -дейді баланың анасы Гүлжихан Хуресова.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1964946-atyrauda-azesinen-adasyp-qalgan-5-zasar-bala-zogalyp-ketti/