Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Өскемендік дәрігерлер 750 грамм салмақпен дүниеге келген нәрестені аман алып қалды

Опубликовано:

Өскемен қаласының перзентханасы
Фото: Altaynews.kz

Өскемендегі Ана мен бала орталығының дәрігерлері салмағы 750 грамм болып туған сәбиді аман алып қалды. Қазіргі уақытта медицина қызметкерлері алты айында дүние есігін ашқан нәресте мен оның анасын перзентханадан шығаруға дайындалып жатыр, деп хабарлайды Алтайньюс.

Кішкентай Мұстафа былтыр 16 желтоқсанда дүниеге келген. Қазір оған 4 ай. 

Анасы Мөлдір Рахметқызының бұл – төрт қыздан кейін күткен ұлы. Жүктіліктің 25 аптасында зайсандық әйел шұғыл түрде Өскемендегі Мир орталығына жатқызылған.

Мұстафа салмағы 750 грамнан сәл асып дүниеге келген.

Орталықтың акушер-гинекологтарының, реаниматологтарының, неонатологтарының арқасында ол аман қалған. Қазір Мұстафаның салмағы – 3400 грамм, бойы 60 сантиметр.

"Бұл нәресте – нағыз батыр. Ол осы айларда бізге көмектесті. Балалардың тезірек салмақ қосып, жақсаруы үшін біз кенгуру әдісін қолданамыз", - дейді дәрігер-неонатолог Жанна Мұқанова.

Дәрігерлер бірнеше күнде Мұстафа мен оның анасының Ана мен бала орталығынан шығатынын хабарлады.

Еске сала кетейік, бұған дейін Түркістан облысының тұрғыны 22 жасында үшемнің анасы атанғанын жазған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1965068-oskemendik-darigerler-750-gramm-salmaqpen-duniege-kelgen-naresteni-aman-alyp-qaldy/

pixel