Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Түркістан облысында балабақшадан ауруханаға шұғыл жеткізілген баланы көлік басып кеткені анықталды

Опубликовано:

бала
Көрнекі фото: pixabay.com

Түркістан облысында балабақшаға кетіп, ауыр жарақат алған 1,5 жасар бүлдіршінді көлік басып кеткені анықталды. Бұл ақпаратты полиция департаменті растаған, деп хабарлайды Астана телеарнасы.

"Тергеп-тексеру барысында Шәуілдір ауылындағы бір балабақшаның алдында автокөлік қағып кеткені анықталды. Қазіргі таңда бұл жайт бойынша Қылмыстық кодекстің 345-бабының 2-ші бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.

Аталған факті бойынша сараптамалар тағайындалды. Автокөлік ақылы тұраққа қойылған", - дейді Отырар ауданы полиция бөлімінің бастығы Ермек Өсербаев.  

Авторы: А. Төребекқызы

Еске сала кетсек, бұған дейін 12 сәуірде балабақшаға кеткен 1,5 жасар балаға шұғыл ота жасалғанын жазған едік.

Дәрігерлердің мәліметінше, бүлдіршін жабық бас сүйек-ми зақымын алып, миы шайқалған, сондай-ақ жоғары жамбас сүйегінің жабық сынық жарақатын алған. Одан бөлек беті мен басында көптеген жарақат бар екені анықталған.

Бұған қатысты пікір білдірген Түркістан облысы Отырар ауданы адами әлеуетті дамыту бөлімі сәби балабақшаға тасымалдау көлігімен жеткізілген кезде сүрініп, құлап қалғанын хабарлады.

Алайда жарақат алған баланың анасы Ажар Пернебек ұлының осы себеппен ауруханаға түскеніне сенбейтінін, кінәлілердің жазалануы үшін арыз жазатынын мәлімдеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1965332-turkistan-oblysynda-balabaqsadan-auruxanaga-sugyl-zetkizilgen-balany-kolik-basyp-ketkeni-anyqtaldy/

pixel