Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Елімізде бір тәулікте коронавирус жұқтырғандар саны қайта өсті

Опубликовано:

COVID-19 тест
Көрнекі фото: pixabay.com

Қазақстанда эпидемиологиялық жағдайға қатысты мәліметтер жаңарды. Оған сәйкес, 15 сәуірде елімізде коронавирус жұқтырған тағы 20 адам тіркелді, деп хабарлайды Telegram-дағы COVID-19-дың таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК арнасы.

Аймақтар бойынша:

  • Нұр-Сұлтан қаласында - 4
  • Алматы қаласында - 9
  • Алматы облысында - 1
  • Шығыс Қазақстан облысында - 4
  • Қостанай облысында -1
  • Павлодар облысында - 1.

Осылайша, Қазақстанда коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 1 305 375 жетіп отыр.

Сонымен қатар өткен тәулікте 5 адам аурудан жазылып шыққан.

Айта кетейік, 14 сәуірде елімізде COVID-19 инфекциясын жұқтырған 12 адам тіркелген болатын.

Еске сала кетсек, бұған дейін премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов азаматтарымыз қалыпты өмірге оралғанымен, әлі де босаңсуға болмайтынын айтқан еді.

Оның сөзінше, коронавирустың "стелс-омикрон" деп аталатын жаңа штамы пайда болған. Осы ретте, Тоғжанов бұл штамм өзге елдерде қарқынды тарап жатқандықтан, оған дайын болуға шақырған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1965340-elimizde-bir-taulikte-koronavirus-zuqtyrgandar-sany-qaita-osti/

pixel