Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қостанай облысында 5-қабаттағы терезден құлаған 2 жасар сәби мерт болды

Опубликовано:

Терезе
Көрнекі фото: pixabay.com

Қостанай облысында 2 жасар сәби бесінші қабаттағы терезден құлап кетіп, алған жарақатынан көз жұмды, деп хабарлайды Insatagram-дағы "ТВС-Магнетит" парақшасы.

Қайғылы оқиға 13 сәуір күні Рудный қаласындағы көп қабатты үйлердің бірінде болған.

Құтқарушылардың мәліметінше, бүлдіршін москит торына сүйеніп тұрған кезде құлап кеткен.

Қазір полиция қызметкерлері оқиғаның мән-жайын анықтауда.

Осы орайда ТЖД қызметкерлері ата-аналардан баланы пәтерде қараусыз қалдырмауды, қауіпсіздік шараларын қатаң сақтауды сұрайды.

Айта кетейік, бұған дейін Павлодарда бірінші сынып оқушысы марганец ерітіндісінен уланып қалғанын хабарлаған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1965346-qostanai-oblysynda-2-zasar-sabi-terezden-qulap-ketip-mert-boldy/

pixel