Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақмола облысында жоғалып кеткен музыкант дін аман табылды

Опубликовано:

Жоғалған азамат
Жоғалған азамат. Фото: Ақмола облысының полиция департаменті

Ақмола облысында жоғалып кеткен 26 жастағы музыкант аман-есен табылды. Оны тасжолда көлік жүргізушісі байқап қалып, таныстарына хабарлаған, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі өңірлік полиция департаментіне сілтеме жасап.

"Алдын ала болжам бойынша ол екі түн көшеде болған. Абырой болғанда оған қатысты құқыққа қайшы әрекеттер жасалмаған. Қазіргі таңда жігіт үйінде", - дейді құзырлы органнан.

Айта кетейік, бұған дейін Ақмола облысының полиция департменті өңірде 26 жастағы музыканттың іздестіріліп жатқанын хабарлаған еді.

Ер адам 14 сәуірде сағат 16:00 шамасында үйінен белгісіз бағытта шығып кетіп, қайта оралмаған.

Оны іздестіру жұмыстары Державинск қаласында, жақын маңдағы елдімекендерде, Есіл өзенінің жағалауы аумағында және басқа жерлерде жүргізілген болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1965379-aqmola-oblysynda-zogalyp-ketken-muzykant-din-aman-tabyldy/

pixel