Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда утилизациялық алымға қарсы митинг өтті (фото)

Опубликовано:

Митинг
Фото: Sputnik / Александр Мироглов

Алматыда "Утиль алымына жол жоқ" қозғалысының белсенділері ұйымдастырған митинг өтті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Басылымның жазуынша, Шоқан Уәлиханов алаңына 100-ге жуық адам жиналған.

Ұйымдастырушылар акция қатысушыларынан митинг тақырыбынан ауытқымай, арандатушыларға ермеуді сұрады.

Митинг
Фото: zakon.kz

Митингте саясаткерлер Санжар Боқаев пен Болат Әбілов сөз сөйледі. Олар автокөліктер үшін утилизациялық алымды мүлде алып тастауды немесе оның мөлшерін 100 мың теңгеден асырмауды талап етті.

Митинг
Фото: zakon.kz

Еске сала кетсек, бұған дейін премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр утильалым мөлшерлемесі 50 пайызға төмендейтінін мәлімдеген еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1965424-almatyda-utilizaciyalyq-alymga-qarsy-miting-otti-foto/

pixel