Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Экс-судья өзіне және әйеліне арнап мазар тұрғызып қойғаны рас па: Бекет Тұрғараевтың өзі жауап берді

Опубликовано:

Қазығұрттағы кесене
"Бабалар рухына тағзым" кешенінің ішкі көрінісі. Видеодан кадр: Youtube/Айғақ ТВ

Facebook әлеуметтік желісінде Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының бұрынғы төрағасы мен оның әйеліне арнап тұрғызылды делінген хан сарайындай "мазар" сөз болуда. Бұған қатысты желідегі видеода аты аталған Бекет Тұрғараевтың өзі пікір білдірді, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі Айқын газетіне сілтеме жасап.

Бейнежазбаны қоғам белсендісі Арман Шораев Facebook-те жария еткен. Онда "Шымкентте бұрынғы судья әйелімен бірге жерленетін кесенесін тұрғызды. Мемлекетіміздің сот жүйесі туралы білу қажет нәрсенің бәрі осы...", - деген сипаттама жазылған.

Видео кадрларынан ер адам беймәлім ғимарат ішінде жүргенін байқауға болады.

"Мынау Бекет ағамыздың болашақта жататын орны екен. Дайындап қойған. Болашақта осы жерде жатпақшы. Мына жақта жеңгеме де орын дайындаған. Жеңгем мына жерде жатады, құдай қаласа. О дүниеге қалай дайындалып жатыр адамдар", - дейді видеоны түсірген ер адам.

Автор осылайша сән-салтанатымен безендірілген табыт пен сарайдың ішкі көрінісін көрсетеді.

Өзіне қатысты видеоға заң ғылымдарының докторы Бекет Тұрғараев түсініктеме беруді жөн көрген. Айтуынша, ол өз-өзіне мола тұрғызбаған.

"Кесененің маңдайында жазылғандай кесене Бекет ата Мырзағұлұлының 270 жылдығына арнайы тұрғызылған. Орталық музейден Қазақстанның барлық облысындағы қасиетті әулиелер жатқан кесенелердің суреті жинақталған кітап шыққан. Содан біз Түркістан облысына қатысты 20 шақты әулиелерді орналастырдық. Онда да олардың жатқан жерінен топырағын алып, капсулаға салып, жәшікке қойдық. Осының бәрін өзім ұйымдастырып, жобасын астанада жасатқанмын. Жергілікті әкімдіктен рұқсат алынып, жері сатып алынған. Бар мақсатымыз – туризмді дамытып, еліміздің жан-жағында орналасқан қасиетті нысандарды бір жерден тауып, тарихты білуіне жағдай жасау.

Міне, осының бәрі дайын болған соң соның ішіне әкемнің, шешемнің бюстін қойғанмын. Алайда бәзбіреулер әке-шешем ескерткіші туралы айтпай, тек әйелімдікін көрсеткен. Тіпті "кейін әйелі, өзі сол жерге жатады" деп те жатыр. Кімнің алдынан, кімнің артынан өлетінін бір құдай біледі. Оны халықтың ықыласы көрсетер. Жасыратыны жоқ, ауылыма, халқыма еңбегім сіңді, оның бағасын өздері берер. Бірақ осыны фейсбукке салып, елдің бәрін шулатып жүрген ниеті түзу еместердің ісі", - дейді Бекет Тұрғараев.

Экс-судья зейнетке осыдан 12 жыл бұрын шыққанын, сондай-ақ қазір бүкіл уақытын руханиятты жаңғыртуға арнап жүргенін жеткізді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1965597-eks-sudya-ozine-zane-aieline-arnap-xan-saraiyndai-mazar-turgyzyp-qoigany-ras-pa-beket-turgaraevtyn-ozi-zauap-berdi/

pixel