Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қарағандыда 2 жасар бүлдіршін бесінші қабаттың терезесінен құлап кетті

Опубликовано:

Терезе
Көрнекі фото: Pixabay.com

Қарағанды қаласында 2 жасар сәби бесінші қабаттың терезесінен құлап кетті, деп хабарлайды өңірлік ТЖД ресми Instagram парақшасында.

Ведомство дерегінше, 16 сәуірде Қарағандының Гоголь көшесіндегі 5 қабатты тұрғын үйдің 5-қабатының терезесінен 2019 жылы туған қыз бала абайсызда құлап түскен.

Бүлдіршін тез арада ауруханаға жеткізілген.

Осыған байланысты Қарағанды облысының төтенше жағдайлар департаменті ата-аналарға кішкентай балаларды жалғыз қалдырмауға, москит торларына ешқашан сенбеуге шақырады.

Себебі, москит торы қорғау үшін арналмаған керісінше, қайғылы жағдайға ықпал етеді, өйткені бала өзін қауіпсіз сезінеді және терезеге де, оған да сүйенеді, дейді ведомстводан.

Сондай-ақ ТЖД:

  • Мүмкіндігінше терезелерді төменнен емес, жоғарыдан ашуды;
  • Үйді желдету кезінде баланың бақылауда екеніне көз жеткізуді;
  • Балалардың балконға ересектердің қарауынсыз шығуына жол бермеуді;
  • Ұйықтап жатқан баланы ешқашан пәтерде жалғыз қалдырмауды сұрайды.

Айта кетейік, бұған дейін Қостанай облысы Рудный қаласында екі жасар бүлдіршін бесінші қабаттағы терезеден құлап кетіп, мерт болған еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1965608-qaragandyda-2-zasar-buldirsin-besinsi-qabattyn-terezesinen-qulap-ketti/

pixel