Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жамбыл облысында кеудесінде доптың көлеміндей ісігі бар ит көпшіліктің аяушылығын тудырды

Опубликовано:

Кеудесінде үлкен ісігі бар ит
Кеудесінде үлкен ісігі бар ит. Скриншот: Instagram/Narimusya

Шымкенттен Алматыға бет алған желі қолданушысы Нариман Абиев Меркі ауданының маңынан ерекше итті байқайды. Кеудесінде үлкен ісігі бар ит жолаушылардың аяушылығын тудырып, олар жануарға тамақ пен су берген. Бұл видео Instagram парақшасында жарияланғаннан кейін волонтерлер итті іздеуге шықты, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Бұл оқиға туралы Нариманның жұбайы Мадина Жетпісова баяндады.

"Шымкенттен қайтар жолда Нариман осы итті көріп қалады. Тамағын, суын беріп, кейін желіге салған болатын. Мұны байқаған волонтерлер дереу итті іздеп, тауып алды. Қазір итті отаға дайындап жатыр, бұл оқиға көбімізді тебірентті", - деп жазды Мадина.

Тараздағы қараусыз иттерге арналған пананы ұйымдастырушылар кеудесінде ісігі бар итті ұзақ іздеп, ақыры тауып алады.

"Келген жерімізден итті таппадық. Айналадағылар оны алыстағы фазендадан көргендерін айтты. Ол жаққа барсақ, байланып тұрған екі итті ғана көрдік. Видеодағы ит табылмаған соң, тағы іздей бастадық. Бір кезде мал қайырып келе жатқан иесін көрдік, қасында біз іздеген ит жоқ. Содан видеоны көрсетіп, осы итті көрген-көрмегенін сұрағанбыз.

Ол әлгі иттің өзіне тиесілі екенін, қазір қасымызға келетінін айтты. Сол кезде біздің келу себебімізді түсіндіріп едік, иттің қожайыны қуанып кетті", - дейді иесіз жануарларға арналған "Ақтөс" панасының иесі Ирина Келлер.

"Алла мені естіген шығар. Бұл итті 3-4 жыл бұрын күшік кезінде алып едім. Ісігі алғашында қатты байқалмай, кейінгі 2-3 айда үлкейіп кетті. Итке қараған сайын оған қалай көмектесерімді білмей жүр едім", - деп ағынан жарылды қожайыны.

"Бұл Рамазан айы, сондықтан, жаратушы әрдайым қорғайтынын айттым", - дейді Ирина Келлер.

Қазіргі таңда итті ветеринарлар өз бақылауына алды. Бейсенбі күні оның ісігін алып тастау үшін ота жасалады. Содан соң жанашырлар итті иесіне қайтарып бермек.

Ескерту: Видеоны жүйкесі жұқа, жүрегі әлсіз адамдарға, жүкті әйелдер мен кәмелет жасқа толмағандарға қарау ұсынылмайды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1965643-zambyl-oblysynda-keudesinde-doptyn-kolemindei-isigi-bar-it-kopsiliktin-ayausylygyn-turdyrdy-video/

pixel