Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Атырау қаласының әкімі желіде тараған жалған ақпарат үшін полицияға арыз түсіретінін айтты

Опубликовано:

Мейірім Қалауи
Мейірім Қалауи. Фото: Атырау облысының әкімдігі

Атырау қаласының әкімі Мейірім Қалауи өзіне қатысты жалған ақпарат таратып жатырғандардың үстінен полицияға арыз түсіретінін айтты. Бұл турал шаһар басшысы Facebook парақшасында жазды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

"Соңғы күндері менің атымды жариялап, әр түрлі ақпаратты таратып жатыр. Жарияланған материалдар шындыққа жанаспайды. Мен бұл туралы алғаш рет 2019 жылы хабарлама жасаған болатынмын. Индер ауданының әкімі қызметін атқарып жүргенде осы тектес ақпараттар республикалық электронды құралдарына шыққаннан кейін өзімнің бастамаммен журналистерге хабарласып, барлық жайтқа орай түсіндірме бердім.

10 жыл бұрын (2012 жылы) мемлекеттік қызметке келгенге дейін, мемлекеттің тарапынан берілген жер телімін қазіргі қызметіммен байланыстырып, заңсыз әрекеттер жасады деп мәлімделуде. Мен мемлекеттік қызметші ретінде де құқығымның қорғалғанын қалаймын. Сондықтан, әдейі жалған ақпарат таратып жатырғандардың үстінен (соның ішінде фейк аккаунттардан) жақын арада полиция департаментіне арыз түсіретін боламын", - дейді Мейірім Қалауи.

Қала басшысының сөзінше, бұл әдейі өзіне қарсы ұйымдастырылып отырған шабуыл, сондықтан ол көпшілікті жалған ақпаратқа сенбеуге шақырды.

Айта кетейік, Мейірім Қалауи осы жылдың наурыз айының басында Атырау қаласының әкімі болып тағайындалған еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1965648-zansyz-areketter-zasady-dep-malimdelude-atyrau-qalasynyn-akimi-zalgan-aqparat-usin-policiyaga-aryz-tusirmeksi/

pixel