Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Бас прокуратура қаңтар оқиғасы жайлы: Бүлікке қатысқандарға 20-дан 100 АҚШ долларына дейін төлеген

Опубликовано:

Алматы
Фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Бас прокуратураның өкілі қаңтардағы жаппай тәртіпсіздікке қатысты тың деректерді бөлісті. Оның айтуынша, Талдықорғандағы тәртіпсіздікке қатысқандарға 20-дан 100 АҚШ долларына дейін төлеген, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

"Алматы облысында "О" және "Н" есімді азаматтар анықталды. Олар Талдықорған қаласында қиратулар, азаматтардың мүліктерін жою және мемлекеттік объектілерді басып алу қатысушыларын қаржыландырған. Әрбір қиратушыға қатысқаны үшін 20-дан 100 АҚШ долларына дейін төленген.

Бұл фактілер тергеу барысында анықталды және жаппай тәртіпсіздіктерге қатысты деген күдіктілердің жауаптарымен расталады", - дейді Бас прокуратураның 1-қызмет бастығының орынбасары Елдос Қилымжанов.

Еске сала кетсек, бұған дейін Елдос Қилымжанов қаңтардағы жаппай тәртіпсіздіктерге қатысушылардың портретін ұсынған еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1965728-bas-prokuratura-qantardagy-bulikke-qatysqandarga-20-dan-100-aqs-dollaryna-deiin-tolegen/

pixel