Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қаңтар оқиғасы кезінде бүлікшілерге арматура таратқан "ГАЗель" жүргізушісі ұсталды

Опубликовано:

Алматы
Фото: NUR.KZ / Владимир Третьяков

Орталық коммуникация қызметінде өткен брифинг барысында Бас прокуратура 1-қызметі басшысының орынбасары қаңтар оқиғасы кезінде Жамбыл облысында бүлікшілерге арматура таратқан "ГАЗель" жүргізушісі анықталғанын мәлімдеді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Бас прокуратура дерегінше, Жамбыл облысында "ГАЗель" жүргізушісі өз сыбайласымен бірге жаппай тәртіпсіздікке қатысқан азаматтарға арматура, ұрланған полиция қалқандары мен бронежилет таратқан.

"Сондай-ақ ол жолды жабу үшін өз көлігін пайдаланған. Осылайша, құқыққорғаушылардың қозғалысына кедергі келтірген", -деді Бас прокуратура 1-қызметі басшысының орынбасары Елдос Қилымжанов.

Ол бүлікшілердің әрекеті арнайы құрылған Telegram арнаның бақылауында болғанын хабарлады. Айтуынша, қылмыстық істердің талдау нәтижесі қайғылы оқиғалар барлық өңірде ұқсас сценарийде дамығанын көрсетеді. Бұл бірегей жоспардың бар екенін дәлелдеп отыр.

Айта кетейік, осыған дейін қаңтар оқиғасына қатысқандарға 20-дан 100 АҚШ долларына дейін төленгенін хабарлаған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1965759-qantar-oqigasy-kezinde-buliksilerge-armatura-taratqan-gazel-zurgizusisi-ustaldy/

pixel