jitsu gif

Алматылық азамат 25 тонналық әскери ұшақты сүйреп, рекорд орнатты

Алмат Жұманов 24,5 тонналық әскери ұшақты сүйреуде
Алмат Жұманов 24,5 тонналық әскери ұшақты сүйреуде. Видеодан кадр: Хабар24 арнасы

"Қазақ титан" лақап атымен танымал алматылық Алмат Жұманов 24,5 тонналық әскери ұшақты сүйреп, Қазақстанның рекордтар кітабына енді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қазақстан рекордтар кітабы тіркеу департаментінің директоры Бақытжан Тастүлеков Алмат Жұмановтың нәтижесін ресми түрде тіркеп, оған сертификатты табыс еткен.

"Бүгін Алмат кезекті рекордын жасады. Бұдан бұрын Наурыз мейрамында осы ұшақты 6 метрге тартқан екен. Соны қайталаймын деп, бізді шақырып еді. Бірақ, 6 метрге тарта алмады. Дегенмен, бұл - Қазақстанда алғаш рет болып тұр. Сондықтан, біз оны рекорд деп есептейміз және тіркейміз", - дейді ол.

Айта кетейік, 24 жстағы Алмат Жұманов бұған дейін де Қазақстан рекордтар кітабына енген. Атап айтқанда, 109 тонналық пойыз вагонын 8,5 метрге сүйреген.

Одан бөлек 300 келілік түйені иығына артып, бір-біріне жалғанған үш көлікті беліне арқанмен байлап, бәрін қосып 13 метрге қозғалтқан.

Енді Алмат алдағы уақытта әлемдік деңгейде рекорд орнатпақшы.

"Мамыр айында 300 тонналық пойызды тартқалы жүрмін. Оны орындасам, әлемдік рекорд жасаймын. Себебі, оны әлі ешкім жасаған жоқ. Өзім негізі фитнес тренермін. Жалпы, бұлшық еттерге жаттығу жасаймын. Мақсатым - шетелге Қазақстанда осындай мықты жігіттер бар екенін көрсету. Еліміздің атын шығару", - дейді қара күштің иесі.

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.