Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"5 млн 400 мың теңге төлеп қойған": Павлодарда белгісіз азамат күн сайын 170 адамға ауызашар береді

Жарияланған күні:

Павлодардағы орталық мешіт
Фото: muftyat.kz

Павлодарда аты-жөнін жасырын ұстағысы келген кәсіпкер орталық мешітте күніне 170 адамға ауызашар беріп жүр. Қайырымдылық ауызашарына жұмсалатын қаржыны меценат алдын ала төлеп қойған, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі pavlodarnews.kz порталына сілтеме жасап.

Өңірдегі бас имам Жолдас қажы Бертімұратовтың айтуынша, облыс орталығындағы Мәшһүр Жүсіп мешітінде ас ішетін үш зал бар. Оразада ауызашарын беретін залдың бірін беймәлім кәсіпкер Рамазан айының барлық күндеріне жалдап қойған.

"Бұл залда 170 орын бар. Күн сайын сол орындар толып қалады. Мұны құдайдың разылығы үшін жасаған, сондықтан аты-жөнін атамауды сұрады", - дейді Павлодар облысының бас имамы Жолдас қажы Бертімұратов.

Бас имам бұл залда бір ай бойы күн сайын ауызашар беру үшін 5 млн 400 мың теңге жұмсалатынын атап өтті. Енді орталық мешітте Рамазан айының соңғы 10 күнінде сәресі асын тарату да жоспарланып отыр.

"Бұған бірнеше адам қатысады. Күн сайын бір сәресі асын беруді белгілі адамдар жауапкершілігіне алатын болады. Бұл игі іске қатысуға барша ниет білдірушілерді шақырамыз", – деді облыстың бас имамы.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1965884-5-mln-400-myn-tenge-tolep-qoigan-pavlodarda-belgisiz-azamat-kun-saiyn-170-adamga-auyzasar-beredi/