Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Гүлмира Сатыбалды Универсиада-2017 нысандарын жөндеуге бағытталған қаражатты жымқырды деген күдікке ілінді

Опубликовано:

ақша
Көрнекі фото: NUR.KZ/ Владимир Третьяков

Гүлмира Сатыбалды Универсиада-2017 нысандарын жөндеуге бағытталған қаражатты жымқырды деген күдікке ілінді, деп хабарлайды Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Telegram-дағы ресми арнасында.

"Алматы қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет "Алматы қаласының Энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасы" КММ лауазымды тұлғаларына және "Ария-Жаңа Астана" ЖШС басшылығына, оның ішінде Гүлмира Сатыбалдыға қатысты 2019 жылы Алматыдағы Универсиада-2017 нысандарының іс жүзінде орындалмаған құрылыс-монтаждау жұмыстары үшін төленген бюджет қаражатын аса ірі көлемде жымқыру фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізуде.

Осыған ұқсас аса ірі көлемдегі бюджет қаражатын жымқыру фактілері бойынша мемлекеттік органдардың лауазымды тұлғалары мен "Ария-Жаңа Астана" ЖШС басшылығының қатысуымен басқа өңірлерде сотқа дейінгі тергеп-тексерулер жүргізілуде. Өзге ақпарат тергеу мүддесіне байланысты жария етуге жатпайды", - делінген Антикор хабарламасында.

Айта кетейік, наурыз айында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Қайрат Сатыбалдыұлының ұсталғанын хабарлаған еді. Ол "Қазақтелеком" акционерлік қоғамы қаражатын аса ірі көлемде жымқыру фактісі бойынша күдікке ілінген.

Кейін оның бұрынғы жұбайы Гүлмира Сатыбалдының ұсталғаны белгілі болды. Жемқорлыққа қарсы агенттік Гүлмира Сатыбалдыға және басқа да тұлғаларға қатысты бизнесті рейдерлік басып алу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатқанын мәлімдеді.

18 наурызда Гүлмира Сатыбалды сот санкциясымен екі айға қамауға алынды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1966031-gulmira-satybaldy-universiada-2017-nysandaryn-zondeuge-bagyttalgan-qarazatty-zymqyrdy-degen-kudikke-ilindi/

pixel