Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда блогерден ақылы білім алмақ болған бір топ адам шу шығарды

Опубликовано:

Блогер
Көрнекі фото: pixabay.com

Алматыда блогерлерден ақылы білім алмақ болған бір топ адам полицияға арыз түсірді, деп хабарлайды "Алматы" телеарнасы.

Телеарна мәліметінше, олардың әрқайсысы қаржылық сауатын жетілдіреміз деп 450 мың теңге төлеген. Алайда келісімшартқа сәйкес, сабақ толық өтпеген. Енді шағымданушылар "аяқталмаған" оқудың ақшасын қайтаруды талап етіп отыр.

"Курсын алып отырмыз, тегін вебинар деді. Ақыры ақша табу үшін жүрген адам болғандықтан "жарайды" дедік. Біз сияқты Ақтөбе, Атырауда қаншама адам жылап отыр", - дейді шағымданушы Зарина Мәдибекова.

Шағымданушылар аталған компанияның кеңсесіне барып, ақшасын қайтаруды талап еткен.

"600 мың теңге алып жиырма адамды осындай алаяқтыққа апарды. Өйткені осы 20 адамның ішінде офлайн форматта сабақ өтеді деп, бірақ сабақ дұрыс өтпеген. Беретін ақпарат берілген жоқ. Осылай халықты алдап, қанша адамды несиеге батырып жатыр. Бұндай алаяқтыққа жол бермеу керек", - дейді тағы бір шағымданушы Ерке Тұрлы.

"Офлайн сабағы 500 мың теңге тұрады. Негізі 70 күн өтуі керек болатын. Бірақ 2 айға толмай, тоқтап қалды. Сабақ неге тоқтап қалғанын, ары қарай не болатынын ешкім түсіндіріп айтқан жоқ", - дейді Ғазиза Байдәулет.

Ал басы дауға қалған компанияның заңгері шағымданушы тараптың арызы орынсыз деп отыр. Сөзінше, білім алуға бекінген азаматтар тапсырманы толық орындамаған.

"Ол нишаларына сай келмейді. Табыс тапқан жоқпыз деп шағым айтып жатыр. Өздерінің тарапынан ол кісілер тапсырмаларды орындауы керек болған. Компанияның атынан барлық шарт орындалды. Сабақтың бәрі сайтта тұр. Сегіз модульдан тұрады", - дейді заңгер Салтанат Диханбаева.

Сонымен қатар бұл жайтқа қатысты пікір білдірген блогердің ресми өкілі де, екіжақты келісімшартқа сәйкес, барлық қызмет көрсетілгенін айтады.

Десе де, шағымданушылар Бостандық ауданының полициясына арыз түсірген. Алматы қалалық полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбектің айтуынша, аталмыш дерек бойынша тергеп-тексеру жұмыстары жүргізілген.

"Нәтижесінде екі тарап арасында азаматтық құқықтық қатынастың болғанына көз жеткіздік. Екі тараптың арасында келісімшарт бар. Соны негізге ала отырып, бұл азаматтар азаматтық құқық тұрғысынан сотқа жүгіне алады", - дейді ол.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1966078-almatyda-blogerden-aqyly-bilim-almaq-bolgan-bir-top-adam-su-sygardy/

pixel